Балаларға арналған жаңа жыл-ең әдемі, ең жұмбақ және сиқырлы мереке
Қайырымдылық – адам баласының бойынан табылуы тиіс. Асыл қасиеттердің бірі. Жүрегі мейірімге толы жанашыр жандарға Жаңа жылдық сыйлықтарымен біздің «Балалар үйіміздің» кішкентай тұрғындарын қуанышқа бөлеп, мерекелік көтеріңкі көңіл күй сыйлағаны үшін алғысымызды білдіреміз.
Жаңа жыл — жаңа үміттер мен жаңа жоспарларға толы жыл болсын. Сіздерге жаңа жетістіктер мен кәсіби табыстар тілейміз. Бұл жыл жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, бақытты оқиғаларға толы болсын. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар әкелсін.
Жаңа жыл құтты болсын!